Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік тапсырма негізінде Ежелгі Түркістан қалашыға аумағында реставрация, консервация, музейлендіру жұмыстарын жүргізуде.

Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар Ежелгі қалашықтың бас көшесін де қамтыды. Солардың негізгілерін назарларыңызға ұсынамыз.

Алдымен XVII-XVIII ғасырларға тиесілі Магистрал көше және оның бойындағы құрылыс нысандары мұқият зерттелді. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ені 5 метр, тереңдігі 1,4 метр, ұзындығы 660 метр жер қабаты аршылды және жол тақтатастар төселе отырып қайта жаңғыртылды.

Оған қоса жолдың бүкіл ұзындығы бойынша екі жағынан 10 метрге дейін XVII-XVIII ғасырға тиесілі мәдени қабат аршылды. Аршылған жерлерден табылған сауда, тұрғын-үй, әкімшілік нысандары мен колөнер қатарларын да қалпына келтіру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бір қабатты төрт нысан тарихи қалпын сақтай отырып салынды. Оның бірі шатыры жабылып толық аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда.

Топырақтың көшуін болдырмау үшін жолдың жиегі арнайы тормен қапталып, сазбен сыланды.

Бас көшені қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях