21 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз орталығында «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директордың м.а. Садуов Асылхан Жұмабайұлы, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ахмадиев Жангелді Жанабекұлы және «Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институты» ЖШС директоры Хазбулатов Андрей Равильевич қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Садуов Асылхан 2018 жылғы мемлекеттік тапсырмаға сәйкес Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен жоспарының аясында Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын зерттеп-зерделеу, сақтап қалу, қайтажаңғырту және консервациялау бойынша атқарған жұмыстарына баяндама жасады. Сонымен қатар, кәсіпорын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мәселелерді қамтитын 2019 жылға жұмыс жоспарларымен бөлісті.

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және «Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институты» ЖШС басшылары «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының бірлесіп жұмыс істеудегі белсенділігіне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпорын қызметіне сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді.

2019 жылы «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Қазақстан бойынша 23 тарихи-мәдени ескерткіштері бойынша ғылыми жобалық және сметалық құжаттамалар әзірлеп, қайта қалпын келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

brifing

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях