2018 жылдың 6 қыркүйек күні «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны Түркия мемлекетінен арнайы шақыртумен келген Түрік даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (TIKA) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты қонақтары Анталия қаласындағы Ақтеңіз университетінің Бейнелеу өнері факультетінің деканы, профессор Осман Эравшар және TIKA-ның Қазақстандағы өкілі Эвран Рутбил. Кездесу халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өтті. Кәсіпорын мен TIKA бірлескен жоба бойынша ұсыныстар мен мәселелерді талқылады.
Қонақтарға 6-7 қыркүйек күндері Алматы өңіріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени нысандарды көрсету жоспарланған.