«Қазқайтажаңарту» РМК 13-31 тамыз аралығында атқарған жұмыстары. Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу кесенесінде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 414 метр қоршау орнатылды және ескерткіштің іргетасы тазаланды. Ішкі жақта еден көтеріліп, тас төселді. Қабыр жоба бойынша 45 см көтеріліп, қайта қаланды. Сыртқы қабырғаларды сылау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жиектастар ауыстырылып, толық қалпына келтірілді.