Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып,бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел басқа да дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор зиянын тигізіп отыр.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңталабы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келгенортада пара беру мен пара алудың жолын кесіп, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерінтигізіп, беделіне нұсқан келтіреді, заңды қағидаларын теріске шығарып, азаматтардың конститутциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар және жеке тұлғалар жүргізуі тиіс. Жаңа оқуын аяқтап келген жас мамандарға осы тақырып аясында, лекция, баяндамалар, түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, бұл кеселдің алдын алуға болады. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, тәрбиелі жастарымыздың болашағына зиян келтірмеуге осы мекемемізде талай жылдар қызмет жасап келе жатқан лауазымды, тәжірибелі майталман мамандар, тәжірибесімен бөлісіп, ақылдарын айтса, қоғамға қосқан үлесі болар еді. Айналасындағы салауатты, таза және сау қоғамдық орта, азаматтардың қызмет етуіне қауіп төндірмейтін, қауіпті дерттің болдырмауының тетігі. Бұл дерттің таралуына жол бермеу үшін, мекемеміз бір адамдай атсалысып, жұмыла жұмыс жасауға тиіспіз. Сонда ғана, ел мүддесі үшін зор үлес қосып, халық сеніміне ие боламыз. Осы мақсатта жұмыстарды жүйелі жүргізуге, тағы бір айта кетерлік жәйт, «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-ала жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конститутциясын
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
ҒЗЖФ РМК «Қазқайтажаңарту» маманы Ж. Жаналиева