Бүгін онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - екі мекеме арасында өзара түсіністікті қолдау, білім беру және тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріндегі ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.