11-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы: Ферғана –Сырдария дәлізі" тақырыбында Жібек жолы номинациясының құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген тарихи мұра объектілерінің жай-күйі туралы сараптау, талқылау мақсатында есепті әзірлеу үшін Түркістан қаласында бірлескен кеңес өткізілуде.
Үш күнге созылған жиында, ең алдымен қатысушы жұмыс тобы өкілдері және өзге мемлекеттерден келген сарапшылар ақылдасу жұмыстарын жүргізді. Артынша «Қазқайтажаңарту» кәсіпорын мамандарының және музей-қорық басшылықтарының сүйемелдеуімен Отырар, Күлтөбе, Сауран, Сығанақ және Жанкент қалашықтарын аралады. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгінгі жай-күйімен толықтай танысып шықты.
Жиынға Ферғана –Сырдария дәлізі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және Дүниежүзілік мұра объектілерінің жай-күйі туралы бірлескен есепті әзірлеу үшін тағайындалған ұлттық сарапшылар, сондай-ақ қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілдері және музей-қорықтардың басшылығы қатысты.