"Қазқайтажаңарту" кәсіпорны үйлестіруші болып табылатын ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті. Кәсіпорынның бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетовтың басқаруымен өткен бұл жиын, консультативтік кеңес тобының мүшелерімен Қожа Ахмед Ясауи кесенесінің бірқатар проблемалық мәселелері көтеріліп, егжей-тегжейлі пысықталды.
Басқосуда айтылған топ мүшелерінің ақыл-кеңестері, тәжірибелері Кесенедегі кешенді зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және нақты мәселелерді шешуге бағытталған.