Кәсіпорынның бас директоры жұмыс сапарымен Қызылорда облысындағы бірқатар нысандарды аралады.
Кәсіпорынның биылғы өндірістік кестесіне сәйкес, Көтібар мұнарасы мен Молқалан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда филиалының директоры Жанболат Талғатұлы нысандардағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен толықтай таныстырды. Сәйкесінше, алдағы уақытта жасалынуы тиіс шаруалар бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді.