Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Сарайшық ауылындағы сапар орталығының құрылысымен танысты. Сонымен қатар, мұражай-қорықты аралау барысында, Сарайшық қалашығының «Сарайшықты ішінара қалпына келтіру және зерттеу» тұжырымдамасымен «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары Алмас Абдибеков егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Жалпы, 2023 жылдан бастау алатын тұжырымдама Сарайшықта ғылыми-зерттеу, ізденіс және қалпына келтіру жұмыстарын дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды. Бүгінгі таңда тұжырымдама ежелгі қалашық пен оның аумағындағы тарихи нысандарды қалпына келтіру және сақтау бойынша ғылыми негізде әзірленген.
Биыл Кәсіпорын аталған нысанда жоспар бойынша ғылыми-реставрациялық, консервациялық жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

Сарайшық қалашығы Қазақстан аумағындағы тарихы сан мыңжылдыққа жалғасқан ең көне ескерткіштердің бірі болып табылады. Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлерінде негізгі керуен жолдары Сарайшық бойымен өткендіктен қала маңызды сауда орталығы ретінде белгілі болған.
Бүгінде Сарайшық қаласы - халқымыздың ата-баба рухына деген тағзым мен құрмет нышаны, Қазақстан Республикасының ұлы тарихи мұрасы.

 

180d1050d669da342664181c1ea39684    9432be8ccf1b86f84351d07d68185736    ded6020779db3f5adabcf47a3c4a54b2

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях