Түркістандағы арнайы ғылыми-реставрациялық шеберхана 1972 жылы құрылып, тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. «Қазқайтажаңарту» РМК құрылымына Түркістан филиалы деген атаумен 1997  жылы енді. Қазіргі уақытта филиал директоры Үмбеталиев Жолдасбек Тұрсынқұлұлы.

Филиалдың негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде ғылыми және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау болып табылады.

«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалы осы жылдар ішінде келесі тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтірді: Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Арыстан баб, Алходжа–Ата, Баба-Ата, Құмшық-Ата, Тараздағы Қарахан, Айша бибі, Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ, Қазығұрт ауданындағы Ысқақ-Ата, Тұрбат кесене-кешені (Жәбіраил-Ата, Исмаил-Ата, Қошқа-Ата).

Филиал жанында ежелгі технологиялар бойынша жасалатын және қайта қалпына келтіру жұмыстарында қолданылатын қалыптық өнімдер (кірпіштер, көркемқыш тақтайшалар, терракота өнімдері, суармалы керамикадан жасалған өнімдер және т.б.)  өңдіру бойынша технологиялық желілері бар қуатты өндірістік база құрылды.

Түркістан қаласының 1500 жылдық  мерей тойына “Әзірет-Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағындағы  20 ескерткіш қалпына келтірілді,  мысалы, Шығыс моншасы, 19 ғасыр  Мешіті, Қылует, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі және т.б.

Құрылымы

Түркістан филиалы " Қазқайтажаңарту" РМК ҚР МСМ 

Мекен-жайы: Түркістан қ., С.Ерубаев к-сі , 253А,

Тел.: +7 (72533) 4 09 28; 4 00 83

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях