Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы, ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, “Жамбыл мұражай - үйі” кешенінде ғылыми- қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Осы мақсатта, Мәдениет және өнер істері департаментінің Тарихи-әдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның , “Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Махаббат Бигельдиевтің, жобалау ұйымдары өкілдерінің, Алматы облыстық мұражай басшылығы мен Жамбыл ауданы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Музей-үйінде жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоғарғы деңгейде өткізілуін ақылдасып, туристік бағытты дамыту мақсатында заман талабына сәйкес озық технологиялармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелер шешімін тапты.
Сонымен қатар, кесененің техникалық жағдайымен егжей - тегжейлі танысып, реставрациялық жұмыстардың бағыты анықталды.

WhatsApp Image 2021 06 16 at 175906 1

WhatsApp Image 2021 06 16 at 175906

WhatsApp Image 2021 06 16 at 175906 2

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях