Қазақстан және Қырғызстан Президенттері бірлесіп қол қойған екі елдің ынтымақтастық жоспары шеңберінде Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату бойынша жиын өткізілді.


Жиынға, арнайы барған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет өнер істері департаментінің бас сарапшысы Азамат Жолаев, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигельдиев, Ғылыми-зерттеу жобалау филиалының архитекторы Өмірсерік Ахметов , Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшіліктегі кеңесші Жәнібек Жумбергенов және Қырғыз еліндегі әріптестері «Бішкекбасархитектура»  өкілдерімен кездесіп қайтты.


Басқосуда, жобаға қатысты мәселелер пысықталып, тараптар арасында жоспарланған іс-шаралар жайында келіссөздер жүргізілді, атқарылатын жұмыстар белгіленді.

 

WhatsApp Image 2021 05 11 at 125339

WhatsApp Image 2021 05 11 at 125339 1

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях