Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша ынтымақтастықты дамыту аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиын өтті.
Жиынға Иран елшілігінің өкілі Садат Хусени, Иранның Тегеран университетінің Бейнелеу өнері факультетіне қарасты Мәдениет және өнер зерттеу институтының өкілі Сиавош Сабери Кахки, Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев және бас директордың өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов қатысты.
Жиын барысында мекемелер арасында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау саласы бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған Мәдениет және зерттеу институтының әр елдерде көне ежелгі туындыларды қалпына келтірудегі тәжірибелерімен бөлісіп, атқарылған жұмыстарына шолу жасады.
Қазақстан Республикасының 25 қазан – Республика күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатымен «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов және құрылыс жұмыстарын атқарушы маман Нуртулла Бекбергенов марапатталды.
Марапаттарды Кәсіпорнымыздың бас директоры Махаббат Бигельдиев табыс етті.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбекте елеулі болып, жетістіктерге жете беріңіздер!
Бүгін онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және «Мемлекеттік қалпына келтіру ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - екі мекеме арасында өзара түсіністікті қолдау, білім беру және тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріндегі ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
🔸Сарайшық қалашығының кіре беріс қақпасы құрылысының жұмыстары аяқталды
🔹Завершены работы по возведению въездных ворот городища Сарайшык
🔸Work on the construction of the entrance gate of the Saraishyk settlement has been completed
24-қазан –Кітапханашылар күні!
Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.
Кітапханашы мамандар өздерінің күнделікті тыңғылықты еңбегімен шектеусіз ақпаратқа, әлемдік мәдениет пен ғылым құндылықтарына, адамзаттың даналығы мен біліміне кең қол жетімділікті қамтамасыз етеді, оқырмандарды таңғажайып мәдениет әлеміне жетелейді, білімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдени дәстүрлерді сақтауға және дамытуға үлес қосады. Сондықтан да, кітапханашы мамандар әрқашанда киелі орданың мәртебелі иесі болып қала бермек.
Осындай мереке күні барлық кітапханашы мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, руханият игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
⠀
Ізгі ниетпен, Қазқайтажаңарту ұжымы💐💐💐
Құттықтаймыз!
Бүгін Кәсіпорнымыздың бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлына «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Игі қуанышыңызға шын көңілмен ортақпыз!
Марапатыңыз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, “Қазқайтажаңарту” РМК ұжымы💐💐💐
11-13 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы: Ферғана –Сырдария дәлізі" тақырыбында Жібек жолы номинациясының құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген тарихи мұра объектілерінің жай-күйі туралы сараптау, талқылау мақсатында есепті әзірлеу үшін Түркістан қаласында бірлескен кеңес өткізілуде.
Үш күнге созылған жиында, ең алдымен қатысушы жұмыс тобы өкілдері және өзге мемлекеттерден келген сарапшылар ақылдасу жұмыстарын жүргізді. Артынша «Қазқайтажаңарту» кәсіпорын мамандарының және музей-қорық басшылықтарының сүйемелдеуімен Отырар, Күлтөбе, Сауран, Сығанақ және Жанкент қалашықтарын аралады. Тарихи-мәдени ескерткіштердің бүгінгі жай-күйімен толықтай танысып шықты.
Жиынға Ферғана –Сырдария дәлізі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және Дүниежүзілік мұра объектілерінің жай-күйі туралы бірлескен есепті әзірлеу үшін тағайындалған ұлттық сарапшылар, сондай-ақ қатысушы елдердің мәдениет министрліктерінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілдері және музей-қорықтардың басшылығы қатысты.
Страница 3 из 30