Жаңалықтар
Мәдениет министрлігінің жаңалықтары
- Қоғамдық кеңестердің су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуы жайлы Үйлестіру орталығының отырысында талқыланды
- «Zhas Project» жобасына 3892 қазақстандық қатысады
- Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Қарлығаш Жаманқұловамен кездесті.
Жаңалықтар Аккорда
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
- Ғизат Нұрдәулетов қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін жоғары өкілдердің XII халықаралық кездесуіне қатысты
- Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Біз туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазреставрация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1972 жылғы 29 наурызда құрылды. Ұйым кейіннен "Казреставрация" тресі болып қайта құрылды. 1978-1989 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысы бойынша Қазақстанның әртүрлі облыстарында 22 реставрациялау шеберханасы ашылды, олар трест құрамына кірді және қуатты өндірістік базалары, Құрылыс техникасы, жабдықтары мен тетіктері болды. Нәтижесінде ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда реставрациялаудың тұтас жүйесі құрылды.
Алайда, 1994-1996 жылдар елдің тарихи-мәдени мұрасы мен қалпына келтіру ұйымдары үшін ең қиын болды деп айтуға болады.21 қалпына келтіру шеберханасы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді және барлығы дерлік жекешелендіріліп, сатылды. Тек бір ғана ұйым Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің – Республикалық жөндеу-құрылыс және реставрациялау басқармасының қарамағында қалды. Кейіннен бұл ұйым "Қазреставрация" РМК болып қайта құрылды. 1997 жылдан бастап күш-жігердің жұмсай отырып кәсіпорын сәтті дами бастады
Қызмет ету кезеңінде ғылыми зерттеулерде, ескерткіштерді практикалық қалпына келтіруді жобалауда үлкен тәжірибе жинақталды, қалпына келтіруші жұмысшылар, жобалаушы сәулетшілер және тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы басқа да мамандар оқытылды және дайындалды.
ТолығырақБайланыстар