Бүгін Қызылорда қаласында «Қазақстанның материалдық мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, оның ішінде табиғи-климаттық жағдайлардың әсерін мониторингілеу» бойынша ғылыми-практикалық семинары өтті.
Семинардың басты мақсаты тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихи құндылығын және экологиялық өзгерістерге төзімділігін сақтау үшін олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібімен, әдістерімен және техникалық қамтамасыз етумен таныстыру болып табылады.
Жиында Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мамандар кезегімен баяндама жасады. Сәйкесінше,тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауда өзекті мәселелерге тоқталып, өздерінің ойларымен бөлісті.
Жиынға Министрліктің өкілі, Ғылыми- зерттеу және жобалау филиалының мамандары, Қостанай, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Жетісу облысы әкімдіктерінің басшылығы және Астана қаласы әкімдігінің мұражай бірлестігінің мамандары қатысты.