Бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Дүниежүзілік мұра комитетінің 45-ші кеңейтілген сессиясы өтуде. Дүниежүзілік мұра объектісі тізіміндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасындағы құрылыстың кесененің сақталуына әсері туралы есептер тыңдалатын сессияға қазақстандық делегация атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Сеитова Күміс Қарсақбайқызы, “Қазқайтажаңарту” РМК бас директорының өндірістік істері жөніндегі орынбасары Исабек Нұрмағамбетов және Ғылыми-зерттеу филиалының маманы Ляззат Бейсембаева қатысуда.
Қазақстандық делегация атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Сеитова Күміс Қарсақбайқызы кіріспе сөз сөйлеп, сессия қатысушыларына сәттілік тіледі.