Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанатты жиыны өтті.
Ақтоты Рахметоллақызы жиында барлық мәдениет және өнер қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімі барысында “Қазқайтажаңарту” РМК қызметкерлеріне де төсбелгілер мен алғыс хаттарды табыс етті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды :

1. Кенжебаев Өмірәлі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды:

1. Досбергенов Кумушбек
2. Касенеев Саламат Еркинович
3. Ахметова Гулзат
4. Қозыкенов Құралбек

Құтты болсын!💐💐💐

 MG 0045

 

 MG 0043

 MG 0050

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях