“Қазқайтажаңарту” РМК бас директоры Бигельдиев Махаббат Садуақасұлы тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай ақ жекелеген археологиялық заттарды консервациялау, реставрациялау және кешенді толық қайта құрумен айналысатын “Остров Крым” Ғылыми - реставрациялау зертханасының тыныс тіршілігімен танысып қайтты.
Зертханада археологиялық артефактілерді қауіпсіз тасымалдауға, ақпаратты сақтауға және табылған затты зертханалық жағдайда неғұрлым толық және кешенді зерттеуге барынша жағдай жасалған.
Атап айтсақ, Берел қорғандарынан табылған ауқымды бірнеше жәдігерлер қалпына келтіріліп, консервациялау жұмыстары толығымен аяқталған жұмыстардың нәтижесімен таныс болды.
Бұдан өзге, аталмыш зертхананың тас, тоқыма, тері және басқа да материалдардан консервацияланған, жаңғыртылған құнды экспонаттары шетелдегі Қазақстанның ірі мұражайларына қойылған.

WhatsApp Image 2021 02 06 at 183429 1WhatsApp Image 2021 02 06 at 183430

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях