Үстіміздегі жылдың 5 сәуірінде «Қазқайтажаңарту» РМК-ның қызметкерлері «Таңбалы» Археологиялық ландшафт петроглифтері ескерткішінде биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейіне барды.

Кездесуге «Қазқайтажаңарту» РМК тарапынан кәсіпорынының бас директоры Ж.М.Әубәкір, техникалық өндіріс бөлімінің инженері М.С.Аралбаева, жұмыстарды атқарушылары Н.А.Бекбергенов, Ұ.А.Аманбай және «Қазқайтажаңарту» РМК кәсіпорынының Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының бас архитекторы Г.М.Камалова, археолог Ф.П.Григорьев, архитектор С.Соколова, "Таңбалы" қорық музейі тарапынан директоры Абай Садуақасұлы, археолог, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Б.А.Железняков, бас директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары А.Сарбас, ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Р.Шарипов, аға ғылыми қызметкер Бұрсынов қатысты.
Кездесу барысында «Таңбалы» Археологиялық ландшафт петроглифтері ескерткішін туристердің келуіне ыңғайлы етіп абаттандыру және петроглифтерді қайтажаңғырту шаралары талқыланып, биылғы жылы атқарылатын негізгі жұмыс түрлері айқындалды.

«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі (06.04.2018)

image8image9image10image11image12image13

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях