1980 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Тараз филиалы «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру бірлестігі қарауындағы  қалпына келтіру шеберханасы ретінде құрылды, кейін Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің «Қазқайтажаңарту» мамандандырылған қалпына келтіру трестіне айналды.

«Қазқайтажаңарту» РМК-ның қалпына келтіру шеберханасы 1998 жылдан бастап «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Тараз филиалы болып  өзгертілді. Қазіргі уақытта филиал директоры Бектурсынов Марат Жанәділұлы.

Филиалдың негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде ғылыми және қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру, тарихи және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру және сақтау болып табылады.

Тараз филиалы Баласағұн сарай кешені, Абдул Ишан және Аппақ Ишан мешіттері, Дәуітбек, Әулие ата кесенелері, Ақыртас кешені, Тараз қалашығы, Шоқай Датқа кесенесі және де әйгілі Айша Бибі мен Бабаджа Қатын сарай кешендері секілді республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді.

«Қазқайтажаңарту» РМК Тараз филиалы Тараз қаласының 2000  жылдық мерейтойына орай  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайына қарасты ескерткіштерінде қайта жаңғырту жұмыстарын атқарды.

                                                                                                Құрылымы

tarazrus

ҚР МСМ «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК  "Тараз" филиалы 

Мекен-жайы: Тараз қаласы,Қылышбай ақын көшесі  №20 

Тел.:8 (7262) 45 89 87

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях