Сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесінде жеке мақсатқа қол жетізу үшін өз дәрежесін асыра пайдалану деп білемін. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне  зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екендігі айқын. Қызмет дәрежесінде - сыбайлас жемқорлық бұл қоғамның бақытты болашағын тежейді, еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Халық сыбайлас жемқорлық, оның ішінде, парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

FaLang translation system by Faboba
Мы в социальных сетях